Түркістан облысы тауларында жайра тіршілік етеді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде жайра фототұзаққа түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орманшаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтіңхабарлауынша, үнді жайрасы деп аталатын бұл жануар - аталмыш тұқымның Қазақстандағы жалғызтүрі.

«Жуықта Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде үнді жайрасы көзге шалынды. Бұл жануар оңтүстікте,Маңғыстау мен Алатауда, Шу-Іле тауларында мекен етеді. Қызыл кітапқа енген. Теңіз деңгейінен 2000 метрден аспайтын таулы аумақтардыкездеседі», - дейді Сәкен Ділдахмет.

Бұл оқиғаға айтулы жаңалық ретінде баға берген комитет өкілі жайраның өз ініне ерекше адалаң екенін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да фототұзаққа құну түскенболатын.


Соңғы жаңалықтар