Түркістан облысы Келес ауданының 50 жастағы тұрғыны құрамында есірткісі бар 250 дана «Трамадол» дәрісін үйінде сақтаған. Тәртіп сақшылары психотроптық дәрілерді тәркілеп алды. Сондай-ақ, ер адамға заңға қайшы дүниелерді қолдануға болмайтындығын, оның денсаулыққа қауіпті екендігін түсіндірді.
«Аталған дерек Келес АПБ тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.