Түркістан облысы: Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандануы тиіс

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2019 жыл бойынша алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісті облыстықішкі саясат басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары БейсенбайТәжібаев жүргізді.

Күнтәртібіндеоблыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыбасшысының орынбасары М.Есімова мен Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расулдың,Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаевтың, Отырар ауданыәкімінің орынбасары П.Жаппарқұловтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша2018 жылы және 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды.

Айта кетейік,қазіргі таңда Түркістан облысында 121 қоғамдық бірлестік тіркелген. Облыста 6 саясипартияның («NurOtan», «Ақжол», «Ауыл», «Қазақстан Коммунистер партиясы»,«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Бірлік») филиалдары жұмысжүргізуде.

Биыл облыстағымемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бағыты, яғни азаматтық бастамаларорталығы, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, экология, туризм, дін және өзгеде тақырыптар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Бұл – үкіметтік емесұйымдар үшін үлкен қолдау.

Жиында Түркістаноблысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаев «Қоғамның азаматтықбелсенділігі жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Бұл қадамдаржергілікті атқарушы билік жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей септігінтигізеді. Әсіресе өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал ететінжобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес сектордың көмегі мен белсенділігіқажет.

әМәселен кешегіАрыс оқиғасынан соң зардап шеккен қаланы қалпына келтіру, секторларға бөлінген тұрғындарменкелісімдер жасау, олардың сұрақтарын әкімдікке жеткізіп, шешімін табуғаатсалысу барысында нағыз азаматтық белсенділер ел ортасынан шықты. Гуманитарлықкөмекті бөлу, тарату барысында еріктілер де ерекше үлес қосты. Мұндай халық пенбиліктің ортақ мақсатына қызмет ететін азаматтық белсенділік мемлекеттің дамуымен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Қиын сәтте іске асқан осындайбастамалар мен тиімді жүйені өзге аудандарда жүзеге асыруға пайдаланамыз», -деді Бейсенбай Тәжібаев.

Оның айтуынша, үкіметтікемес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі біріэкология мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Өзге де салаларда атсалысады. «Сондықтанұйымдармен бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айналып, нәтижегеқол жеткізе аламыз», - деп атап өтті Бейсенбай Тәжібаев.

Ал «Түркістаноблысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағыбірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы «Үкіметтік емес ұйымдарға қолдаукөрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасынжетілдіруді, аудандардағы ақпараттық ресурстық орталықтарының әлуетін арттыру қажеттілігіне,өңірдегі 700-ден астам ҮЕҰ-дың ортақ базаға тіркеу мәселесіне, үкіметтік емессекторын дамытуға тоқталды.

Мемлекеттікоргандар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында тиімді ынтымақтастық орнатунегізінде жұмыс сапасын арттыруға бағытталған кеңес отырысында «Береке»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Абдуллаева, «ЭКО Атамекен» қоғамдықбірлестігінің төрайымы Г.Ниязова, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Қ.Керімбеков, Қазақстан Республикасы «Чернобыль одағы» облыстыққоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әшірбаев сынды азаматтар Түркістан облысыныңүкіметтік емес ұйымдарына, бастама топтарына, белсенді тұрғындарына оқыту жәнеконсультациялық қызметтер көрсету жұмысын күшейтуді, мемлекеттік әлеуметтіктапсырыс шеңберінде қаржыландыруды қоғамның аса қажетті салаларына бағыттауды,ашықтықпен жұмыс жүргізуді, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындарментікелей байланысу маңыздылығын ерекше атап өтіп, өз ұсыныс-пікірлерін ортағасалды.

Осы тұста айтакетерлігі, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзараіс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырыстары алдағыуақытта аудан, қалаларда ұйымдастарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар