Бүгінгі күнге өңірде індетке қарсы екпені тұрғындардың 20 пайызы қабылдап үлгерген. Бұл 180 мыңға жуық тұрғын. Ал, екінші компонентін 50 мыңға жуық адам қабылдап үлгерген. Сондай-ақ, облыс бойынша 102 медицина мекемесіне инфекцияға қарсы вакциналау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пункттернің саны 128-ге жеткен.
Айта кетейік, аймақта КВИ пневмониясын жұқтырғандар саны көбейіп барады. Кеше ғана өңірде індет жұқтырған 39 науқас анықталса, соның 28-і вирусты пневмонияға шалдыққаны белгілі болған. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда осындай 27 науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер жыл басынан бері вирустан қайтыс болған 16 адамның үшеуі жаңадан босанған аналар, қалғандары егде жастағы тұрғындар екенін айтады.