«Құрметті облыс тұрғындар! Осы кезде әлеуметтік желілер арқылы Түркістан облысында 10 балдық жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті аталған ақпараттың жалған екендігін хабарлайды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды.
Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.