Түркістан облысы бойынша мемлекеттік 906 орта білім беру ұйымы бар. Соның ішінде 164 білім беру ұйымы басшысының орны бос тұр. Атап айтар болсақ, 123-мектеп, 35 балабақша, 4 колледж, 2 қосымша білім беру ұйымында басшы жоқ. Сондай-ақ, 120 мектеп, 70 балабақша басшылары ротациялауға жатады.
«Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы ротациялауды 3 кезең бойынша жоспарлаған. Содан 103 басшыға ротация жүргізген. Ал, Сайрам, Түлкібас аудандарында ротациялау мүлдем жүргізілмеген. 10-20 жыл басшылық қызметте отырған азаматтарға мүлдем ротациялау болмаған. Сондай-ақ, ротациялау комиссиясының шешімі 9 мектепте орындалмаған» - деді Жанар Қасымова.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысында 311 білім беру ұйымы аттестаттаудан өте алмаған. Олардың ішінде 186 балабақша, 117 мектеп, 8 колледж бар.