«Шешімге сәйкес, Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы - облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының қаржы басқармасы - қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы болып қайта құрылды. Ал облыстық ішкі саясат, дін істері, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалар - Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы болып біріктірілді. Бұдан өзге, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы -кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен инвестиция және экспорт басқармасы болып екіге бөлінді», - делінген облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы - Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы - облыстық мәдениет басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы - облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы - облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы - туризм басқармасы болып қайта құрылды.
Қалған 13 басқарма өзгеріссіз қалды. Жалпы шешім бойынша облыс әкімдігінде алдағы уақытта 23 басқарма жұмыс істейтін болады.