Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жүрді. Жобаның жалпы құны - 150 млн АҚШ доллары. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланады. Стансаның жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайды.
Жоба 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады. Орналасатын нақты мекенжайы анықталуда. Жалпы аумағы 150 гектарды құрайды. Күн электр стансасы іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.