Жыл басынан бергі алты ай ішінде өңірде 185 тұрғын ішек инфекцияларын жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 151 бала бар.
Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше жалпы аурушаңдық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге төмендеген.
«Жұқпалы ішек аурулары жаз айларында өрши түседі. Асқазан-ішек жолдарына бактериялар мен вирустардың түсуінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарды сақтамағаннан жұғады», - дейді санитар мамандар.
Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау керектігін ескертеді.