ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданында 16 жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейірхан мәлімет таратты.
16 жасар Арайлым Рысқұлбек үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
«Түлкібас аудандық полиция бөлімі жасөпірім туралы қандай да бір мәлімет білетін жандардың 102 немесе 7 701 013 0102 нөміріне хабарласуын өтінеді» деп жазды Данияр Мейірхан Facebook парақшасында.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.