«Түркістан облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады.
Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады.
Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде екені белгілі болды», - деді Түркістан облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.
Жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында күдікті ретінде ұсталған шетелдік аудан полициясының бөліміне жеткізілді. Ер адам қамауға алынды.