Қазіргі таңда Сызған ауылында тұратын келіншек осы күнге дейін құжатсыз жүрген. Арнайы мобильдік топтың рейд жұмыстарын жүргізу кезінде Шахнозаның құжатсыз жүргендігі анықталып, көші-қон полицейлері бірден көмек қолын созған. Елшілік арқылы байланысқа шығып, жан-жақты жұмыстар жүргізілген. Бүгінде ол «Азаматтығы жоқ куәлігімен» рәсімделді. Ендігі кезекте басқа да құжаттарының жасалуы жолында жұмыстар атқарылмақ. Өз кезегінде Шахноза полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.
20:05, 23 Ақпан 2021
Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді. Өзбекстан Республикасында дүниеге келген Шахноза Мадаминова 1998 жылы Созақ ауданына көшіп келіп, төрт баланы дүниеге әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.