Аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, жайылымда жүрген 24 бас жылқы мен 15 сиырды белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізген.
Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 25 000 000 теңгені құраған.
Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді.
Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылған 5 жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.
Полицейлер істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.
Нәтижесінде сот шешімімен күдікті деп танылған 5 азаматтың екеуі 7 жыл мерзімге сотталса, қалған 3 күдіктінің бас бостандығы 7 жылға шектелді.