Облыста бүгінгі күнге дейін 1037273 адам екпе қабылдады. Ал, екінші компонентпен 1020974 адам вакцина алды. Соңғы тәулікте 243 адам екпе салдыруға ниет білдіріп, 3 адамнан COVID-19 вирусы анықталып, тәуліктік өсім 0,02% құрады. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 231 орын бар болса, оның 139-і бос тұр.
Пандемия басталғалы 15 755 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 7747-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары «Спутник-V», «QazVac» және «Sinopharm» вакциналарын салдыруда. Өңірде ревакцинация жасаушыларға «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналары салынуда. Ал, «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң ревакцинация жасалуда.