Түркістан облысында 3-ші қабаттан сәби құлап кетті

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 13 маусым күні Түркістан облысының Кентау қаласындағы 5 қабатты үйдің үшінші қабатынан сәби құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Сейфуллин көшесінде болған. Ата-ананың қарауынсыз қалған 2018 жылытуған сәби терезеден құлаған соң шетінепкетті.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға мұндай оқиғалардың көпжағдайда балалардың ата-анасының қарауынсыз қалған кездерінде болатындығын жәнеоның алдын алу үшін назарда ұстау қажет біртқатар міндеттерді атады.

Атап айтқанда: балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек жәнешыбын-шіркейден қорғайтын перделер (москитные сетки) балалардың қауіпсіздігінқамтамасыз ете алмайтындығын есте ұстау керек. Керісінше олар осындайжағдайларды орын алуына себепші болады. Себебі пердені бала тіреу болатын дүние деп түсінеді. ЕгерСіз сәбиіңізге терезеден қызықты бірдеңені көрсеткіңіз келсе, оны жақсылапұстап тұруыңыз керек және баланың кенеттен болатын қимылдарына дайын болғаныңызжөн. Бөлмені желдеткенде де балалардың қауіпсіз жерде екеніне сенімді болыңыз.Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер! Ұйықтап жатқан баланықараусыз қалдыруға болмайды, өйткені ол кез келген уақытта оянып кетіп, терезеұмтылуы мүмкін. Үй жиһаздарын да мүмкіндігінше терезеден алысырақ орналастырған жөн.