Бұл туралы Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлім етті.
--- Жалпы учаскелік комиссия отбасының атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығы бойынша қорытынды береді. Отбасының материалдық жағдайын зерделеу арқылы мұқтаждығын анықтайды. Учаскелік комиссия жіберген кемшіліктен 300 –ден астам отбасына 28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған. Қазір соның 14 миллионы кері қайтарылды. Заңсыз қаржы толығымен кері қайтарылуы керек ,– деді Әсия Темірбаева.
Жалпы биыл Түркістан облысында 41,5 мың отбасына 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Олардың ішінде еңбекке жарамды 64 656 адамның 72,7% жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілген.