Қазіргі уақытта облыс бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 38500 жасөспірім, 4 004 жүкті әйел және 2 989 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды.
Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен. Дәрігерлер де жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр.
«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынуда. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асып жатыр.