Түркістан облысында 41 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы 41 ойын бизнесі анықталып, жұмысы тоқтатылды. Оның 14-і Түркістан қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрғабыловтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 14 заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар анықталған.

«Облыс бойынша өткен жылы барлығы 127 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 99 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған. Ал, 82 іс сотқа жолданған. 17 іс ақтамайтын негіздермен тоқтатылған. Департаментпен 525 млн теңге мемлекетке қайтарылған», - деді Н. Нұрғабылов.