Облыстық ТЖД мәліметінше, газдан улану жағдайы Қазығұрт ауданында болған. Шарапхана ауылындағы жеке үйде 37 жастағы әйел мен оның 12 жастағы ұлы қайтыс болды. Тағы бір жағдай Бәйдібек ауданының Шаян ауылында тіркелді. Онда 32 жастағы әйел мен төрт перзенті иістен уланған. 1986 жылы туған келіншек пен оның 2009 жылғы, 2007 жылғы, 2012 жылғы ұлдары және 2014 жылғы қызы аудандық ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да қатты отынмен жылытатын пештен ақаулар табылған.
Айта кетейік, күні кеше ғана Сайрам ауданында екі баласы мен анасы газдан уланып көз жұмған еді.