Түркістан облысында 5 мыңнан астам қару ұстаушы тексерілді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. Қазақпарат – Түркістан облысында заңсыз қарумен айналысқан қылмыстардың алдын-алу мен азайту мақсатында «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасы кең көлемде өткізілді. Полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметкерлері өткізген шарада 5 мыңнан астам қару ұстаушы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшыларыбес тәулік ішінде заңсыз 42 қаруды анықтаған. Оның ішінде 31-данасы тәркіленіп,11-данасы өз еркімен тапсырылған. Сонымен қатар 21-дана ойық ұңғылы қарудыңоқтары алынды. 272 азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық шараларықолданылып, бірқатар тұрғындарға әкімшілік кодекстің баптарымен хаттамалартолтырылды. Мәселен, Сайрам ауданы бойынша жүргізілген «Қару» жедел алдын-алуіс-шарасы барысында жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияинспекторлары аудан тұрғынының бірінен тіркелмеген травматикалық тапаншасынайғақты зат ретінде алды. «Қару» профилактикалық іс-шарасын өткен жылдарменсалыстырғанда бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындарсаны артып келеді. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты тергеп-тексеруамалдары жүргізілуде» - дейді Түркістан облысының Полиция департаментіәкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылаутобының инспекторы Абдулла Аманбаев.

Соңғы жаңалықтар