ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда Қасқасу кемпингінде полиция департаменті, ауыл шаруашылығы саласы, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.