Түркістан облысында 6 қызғалдақты жұлған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
01:44, 22 Сәуір 2021
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында полицейлер қызыл кітапқа енгізілген «Грейг» қызғалдағының 6 данасын жұлған азаматты анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков пен учаскелік полиция инспекторлары анықтаған. Олар Ақбастау ауылына қарасты жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ алып жүрген ер адамды байқап қалған. Тексеру барысында ер адамның қолындағы гүлдер «Қызыл кітапқа» енгізілген гүлдер екені анықталған.