Қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараның 5 күнінде туркістандық полицейлермен 2 ойықұңғылы, 55 -аңшылық, 4 газды тапанша, 2 травматикалық және 1 электрлі қару алынды. Ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруы және 2 оқ-дәрі тәркіленді. Ал, Мақтарал ауданында жергілікті тұрғыннан 1959 жылы шығарылған ТОЗ-8 карабині табылған. Қазіргі таңда тәркіленген қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық жайттар Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Иллюстрациялық фото