Түркістан облысында 73 жұмысшының 43 млн теңге жалақы қарызы төленді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша жалақы қарыздары өтелуде. Бұл туралы жыл басынан бері атқарылған жұмысын қорытындылаған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірлестік төрағасының сөзінше, Түркістаноблысы бойынша үшжақты комиссиясы жалақы қарыздарын өтеу бағытында тиісті жұмыстар атқарып, нәтижесінде жылбасынан бері 2 мекеменің 73 жұмыскер алдындағы 43,735 млн теңге жалақы қарызыөтелген. Ал, Шымкент қаласы бойынша 9 мекеме 819 жұмыскерге 121,8 млн теңге қарыз болса, осы күнге дейін 740 жұмыскердің 107млн теңгесі қайтарылған.

Сондай-ақ, Берік Бекжанов өңірдегі өндірістік жазатайымжағдайларға да жіті тоқталды. Есепті кезеңде өңір бойынша жазатайым оқиғаларсаны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға азайған. Оның ішінде Түркістаноблысы бойынша 7 оқиғаға кемісе, ал Шымкент қаласы бойынша 13 оқиғаға азайған.

Бұдан өзге, төраға ұжымдық шарт жасасу бойынша атқарылған жұмыстарды да атапөтті.

«Есепті кезеңде Түркістан облысында 4854 кәсіпорындаұжымдық шарт жасалса, 2085 мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған. Шымкент қаласыбойынша 1033 кәсіпорында ұжымдық шартжасалған, ал 20628 мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған болып отыр. Еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында«Еңбек шартын жасаңыздар» атты республикалық акция іске асырылуда»,- деді БерікБекжанов.


Соңғы жаңалықтар