ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 77 жастағы қария 2 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Отырар ауданына қарасты Талапты ауылдық округінде болды. 8 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында үйінен шығып кеткен 1946 жылғы ер адам, қайта оралмаған.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД және Полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі таңда 94 жеке құрам, 14 техника өзен ішін, қараусыз қалған ғимараттар мен жол бойларында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.