Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүріп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 29 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ошақтарының құрылысына мемлекет қазынасынан 18,2 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның ішінде 2,3 млрд.теңге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 15,9 млр.теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 29 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, биыл 7 спорт нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 7,4 млрд.теңге қаржы қаралңан. Қаражат «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы және облыстық бюджеттен бөлінді. Жылдың қорытындысымен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы спорт кешенінің құрылысы пайдалануға тапсырылды. Қалған 6 нысан келер жылға өтпелі.