Қазір аталған емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр.
Оған қоса, індеттің өршуіне байланысты қосымша провизорлық госпитальдары ашылған облыстық балалар ауруханасы мен тері-венерологиялық орталығы мен перзентханаларда да қазір пневмониямен ем қабылдап жатқан науқастар жоқ.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы инфекциялық және провизорлық төсек-орындардың 70 пайыздан астамы босаған.
Атап айтқанда, инфекциялық станционарларда 225 орынның 152-де науқас жоқ. Провизорлық станционарлардағы 1000 төсек-орынның 129-да ғана науқас ем қабылдауда. Қалған төсек-орындар да босап қалған.
Соған қарамастан ауруханалардағы медицина қызметкерлері дайындығын пысықтап, қосымша төсек қоры үнемі дайын тұрады.