ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
«Өртті сөндіру барысында жайсыз метеожағдай кедергі келтірді. Жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел тұрғандықтан, өрт үлкен аумаққа тез жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында өрт қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда алды», - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өз Facebook парақшасында.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.