Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысты. Олар майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.
Айта кетейік, 99 жастағы ардагер бұған дейін Леңгір қаласындағы жеке үйде тұрған. Оған биылғы жылы болатын Жеңістің 75 жылдығына орай және де баспана кезегінің келуіне байланысты жаңа пәтердің кілті берілді. Төрт ұл мен бес қызды тәрбиелеп өсірген ақсақал баспаналы болып, зор қуанышқа кенелді.
Жалпы өңірде соғыс ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамаған. Үнемі баспана беріліп, түрлі сый сыяпаттар тапсырылып отырады.