Жиынға Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен қаржы институттарының өкілдері, агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшелері қатысты.
Мәжілісте сөз алған облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков шаруалардың өзекті мәселелерін толыққанды қарау және оларды шешу жолдарын іздестіру жайын жеткізді.
Жиынға онлайн форматта қатысқан облыстағы 15 ауданның кәсіпкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдеріне көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді.Ашық әңгіме барысында жергілікті шаруалардың жүйелі мәселелері қозғалып, оларды шешу бойынша ұсыныстар талқыланды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өз кезегінде АӨК саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқосуда сонымен қатар, мақта шаруашылығындағы элиталық тұқымдарды кеңінен қолдану арқылы өнімділікті арттыру мен агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту жайы сөз болды.
Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру мен субсидиялау сияқты өзге де өзекті мәселелер кеңінен айтылды.
Жиын қортандысымен қатысушылар мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізіп отыру туралы келісімге келді.