Семинарға аудан әкімі Ақментай Есбаев пен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев, білім саласының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Келелі кездесуде әкенің балаға қаншалық өнеге екенін көрсететін бейнеролик көрсетіліп, өңірде қолға алынған жобаның тиімділігі түсіндірілді.
Аудандық әкелер мектебі кеңесінің төрағасы Орынтай Бегаисов пен №20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің әкелер мектебінің төрағасы Орынбасар Егембердиев арнайы жарыссөзге шығып өз ойларын ортаға салды. Әке туралы әндер шырқалып, «Ата-ананың қадірі» атты көрініс көрсетілді.
Жиынға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы жиынның маңыздылығына тоқталды.
«Әке – бала үшін тау тұлға. Бала әкеге қарап өседі. Әр әке баласына уақыт бөліп, кеңесіп отырғаны дұрыс. Сонда баланың ой өрісі дұрыс қалыптасып, көңіл көкжиегі кеңейіп, кез-келген мәселеге жан-жақты қарауға ұмтылады. Өзі түзу ағаштың көлеңкесі еш уақытта қисық болмайды. Әке дұрыс тәрбие берсе, қоғамның дұрыс дамуына айтарлықтай үлес қосары анық», – деді Жеңісбек Мәуленқұлов.