«Созақ ауданында кеше жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Қар Ащысай ауылы мен тауға түскен. Қазір қардың биіктігі 2 см жетті. Мұнда күндіз ауа температурасы 2 градус, түнде -5 градус болды», - деді «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының мамандары.
Өңірдің таулы аудандарында да қыс басталып кетті. Атап айтқанда Төлеби мен Түлкібас аудандарына да бүгін қар түсіп отыр. Сондай-ақ , Шымкентте де күн күрт суытты. Қатты жел тұрып, секундына 20 метрге дейін жеткен. Бірқатар үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Ауа райы күндіз 8-10 градус жылылықты көрсетіп, түнде 1-3 градусқа дейін суық болуда.