ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен шопан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауран ауданы Майдантал ауылдық округіне қарасты Иірсай жайлауында мал бағып жүрген шопан ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен. 44 жастағы азаматты іздестіру жұмыстарына Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Майдантал ауылдық округі әкімдігі, полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
«Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде 15 қараша күні 13 сағат 15 минутта жоғалған азамат жайлаудан 18 шақырым жерден табылды.Денсаулығы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді», -делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.