Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полковникке полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деген күдік келтіріліп отыр.
Күдіктінің кінәсін толық мойындауы және келтірілген залалды өтеуіне байланысты оған тергеу сотының санкциясымен «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.