Көктем гүлі Боролдай елдімекенінің шетіне жайқалып шыға бастады. Қазір өңірде сынап бағанасы түнде 0-ден жоғары болып, күндіз 16 градусқа дейін жылы болып тұр.
«Былтыр да бәйшешек ақпанның басында гүлдеп, елді таңғалдырған еді. Көктемді жақындататын бәйшешек өзінің нәзіктігімен, сұлулығымен ерекшеленеді», - дейді синоптиктер.