ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысының № 3 облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді.
Әсел есімді Түркістан қаласының тұрғыны бір ұл, екі қыз босанды.
Жаңа туған нәрестелерге Мерей, Мансур, Мейірім есімдері берілді.
Бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында, жағдайы жақсы.
Нәрестелердің салмағы 2900 гр, 2420 гр және 2500 гр болған.
Айта кетейік, бүгін таңертең Гүлназ есімді сарыағаштық келіншектің өмірге үшем алып келгенін жазған болатынбыз.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.