Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға берілмек

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам оқушыға арналаған184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстарыжүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектептетиісті жұмыстар жүруде.

«Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланыпотыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептіңмәселесі шешіледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдарысалына бастаған.