Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға шыққан жас боксшылар сайысқа жоғары дайындықтарымен келгенін байқатты. Алғаш болып рингке көтерілген 44 келідегі боксшылар арасында Созақ ауданының спортшысы Жақсылық Елубай жеңіске жетіп, қарсыласынан басым түсті.
Облыс біріншілігіне арнайы келген бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Талғат Әліпбеков бұл сайыста мықты деп танылған спортшыларды іріктеп алып, алдағы елішілік жарыстарда облыс намысын қорғайды деген сенім білдірді.
Айта кетерлігі, апта бойына жалғасатын жарыста топ жарғандар қазан айының 12-17 аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан аймақтық жарысына қатысады деп күтілуде.