Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған екі браконьер ұсталды. Күдіктілерден резеңке қайық, балық аулау құралдары және заңсыз ауланған 67 келі түрлі балық тәркіленді.
«Түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлары бірлесіп браконьерлерді ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.