Түркістан облысында дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасқөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Мониторингбөлімінің басшысы Ғалима Төреханованың мәліметінше, 459 науқас медициналықкөрсетілімсіз ауруханаға жатқан болса, 527 науқастың мәліметі ақпараттық жүйегедұрыс енгізілмеген. Сонымен қатар, емдеу диагностикалық шараларының стандартқасәйкес келмеуі бойынша 1 780 жағдай анықталған», делінген хабарламада.

Жалпы, Түркістаноблысында 18 медициналық ұйым стационарлық көмек бойынша, 26 стационардыалмастыратын қызметтерді көрсетеді. Оның ішінде, 6-ауы гемодиализдік қызмет, 21амбулаторлық-емханалық көмек және 18 консультативтік –диагностикалық көмектікөрсетеді. Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін стационарда 8 6151 науқас тәулікбойы емделген. Бұл көрсеткіш алдағы жылдарға қарағанда азайғаның көрсетті.

Айта кетерлігі,емделушілердің басым бөлігін артериялық гипертензия, асқынулары бар артериялықгипертензия, асқынусыз қант диабеті, қант диабетінің асқынулары, жоғары тынысалу жолдарының жіті респираторлық инфекциясына шалдыққан науқастар құрайды.

Әсіресі, Ордабасы,Сайрам және Жетісай аудандық ауруханаларда стационарлық көмекке жүгінгеннауқастар саны азайған. Сондай-ақ, бастапқы медициналық санитарлық көмек арқылынауқастарды іріктеуде Отырар, Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық орталықауруханаларында жүйелі жұмыс жүргізілген. Есесіне, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісайаудандық ауруханаларында шұғыл емдеуге жатқызылғандар саны басым болып отыр.

«Стационарлық жәнестационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін қызмет көрсетушімедициналық мекеменің жұмысын күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыруқоры» ҚЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бақылап отырады. Медициналыққызметтердің көлемі мен сапасына мониторинг электронды ақпараттық жүйелердежүргізіледі. Ал, емханалық-амбулаторлық көмек, жедел медициналық жәрдем,әлеуметтік-медициналық көмек (туберкулез, наркология, психиатрия, ВИЧ/СПИД),патолого-анатомиялық диагностика, қан және оның құрамдас бөліктерін даярлауқызметін көрсететіндерге қызмет берушіге шығып мониторинг жүргізіледі.Мониторинг бөлімінің тексеру нәтижесінде емхана дәрігерінің жолдамасы арқылыемделушілер саны көбейген, науқастардың өз бетінше емделуі және тәуліктікстационарда медициналық көмек алушылар азайған», – дейді, Ғ.Төреханова.

Болашақтамедициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатынболады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмектісатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды тұрақтыхабарлайтын болады.

Соңғы жаңалықтар