Облыстық штабтың мәліметінше, ауруынан айыққандар арасында екі бүлдіршін де бар.
«Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылының 1991 және 1998 жылы туған тұрғындаыр мен 2017 және 2019 жылы туған қос бүлдіршін дертінен құлан-таза айығып, отбасыларына оралды. Бұл науқастар Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы пойызбен келген жетісайлық науқастың жақын туыстары. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 11 адамға жетті» делінген хабарламада.