Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, күндізгі сағатн 15:00 шамасында болған.
«Toyota Land Cruiser Prado» мен «Opel Vectra» көліктері соқтығысқан. Салдарынан джиптің жолаушысы және «Opel Vectra»-ның жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Қазіргі таңда Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жол-көлік оқиға болған жерде жұмыс істеуде. Аталған жайт полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады», - деді Салтанат Қаракөзова.