Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған.
Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен.Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды.
Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.