Вакцинаның алғашқы компонентін 974586 адам салдырса, екінші компонентін 908895 тұрғын қабылдаған. Кейінгі тәулікте 548 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал да тұрақтанып келеді.
Мәселен, соңғы тәулікте аймақта 24 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тәуліктік өсім 0,15% құраған. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 102 294 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 635 –і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 291 жағдай тіркелді. Олардың 7637-да ауру симптомсыз өткен болатын.