Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады
Нұржан Нұрашовтың айтуынша, өңірде биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд 570,1 млн теңге қаралған. Атап айтқанда, 43 714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1 140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3 650 адам «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3 200 адам мемлекеттік грантқа, 3 050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 390 адам жастар практикасына, 12 947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.