ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ордабасы ауданы полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша бейтаныс біреу оның атынан 880 000 теңге несие алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Яғни, күдікті енесінің атынан несие рәсімдеп, алған ақшаны өз қажетіне жаратып жіберген. Сондай-ақ, күдіктінің бұдан алдын да ұрлық жайты бойынша сотты болғаны расталды.
Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.