Түркістан облысында ерікті жастар үйлерді аралап жүр

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында ерікті жастар үгіт-насихат жұмыстарына атсалысты. Жастар ТЖД қызметкерлерімен бірге тұрғындарды түрлі төтенше жағдайлардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ерікті жастардың қатысуымен және Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Жастар сала мамандарымен бірлесіп, қала, ауыл тұрғындарына «Төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар» мен «Улы газдан сақтаныңыз!» атты жалынамалар таратты.

Сондай-ақ, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері мен жылу маусымында орын алатын өрттер туралы ақпараттарды үлестірді. Қоғамда орын алып жатқан түрлі төтенше жағдайлар мен олардың алдын алу шаралары, адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігі тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертулер таратты.