Айта кетейік, түркістандық тұрғындардың бірі кешкісін өз үйінде ит төбелесін ұйымдастырған. Иттердің төбелесін тамашалауға келгендердің арасында жанжал шығып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Екі тұрғын сол жерге келген бір жігітке жабылып, соққыға жыққан. Таяқ жеген тұрғын да қарап тұрмай оларға суық қарудан оқ атқан. Соның салдарынан оқ жарақатын алған қала тұрғыны жантәсілім етті. Ал, суық қару қолданған күдікті сол күні-ақ қолға түсіп, қамауға алынды.
Түркістан облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбдуәлі Қосмұратовтың айтуынша, адам өлтірді деп күдік келтіріліп отырған адамды уақытша тергеу абақтысына қамау туралы сот санкциясы шыққан.
«Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 бөлігі, 9 тармағы («Адам өлтiру») бойынша іс қозғалып, екі айға қамау туралы сот санкциясы берілді»,- деді судья.
Қазіргі таңда өңірдің тәртіп сақшылары қылмыстық оқиғаның мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Осыған дейін Шымкентте баласын ұрып-соққан әйел іздестіріліп жатқандығы хабарланды.