Олар алдын ала ескертулерге қарамастан «YUTONG» жолаушылар тасымалдайтын автобусымен «Созақ – Тараз» бағытында келе жатып, көктайғақ салдарынан жолдың шетіне шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнына облыстық ТЖД 15 қызметкері мен техникасы жетіп, қарға батқан көлікті жолдың тазартылған бөлігіне алып шыққан. Сөйтіп автобустың ішіндегі 29 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
Департамент қызметкерлері барлық жолаушыларды Шолаққорған ауылына жеткізген. Жол жөнекей Құмкент ауылында қар құрсауында қалып қойған тағы 4 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен бір баланы құтқарған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.