Карантин шектеуі енгізілгеннен бері өңірдің тәртіп сақшылары рейд және профилактикалық шара барысында 115 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4 жағдай үйлену тойы мен отбасылық жиынды ұйымдастыру болып отыр. Осындай заңбұзушылықтарға жол берген 108 азамат пен 7 мекеме иесі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша 69 құқықбұзушылық анықталған.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы су айдындарында балалар мен ересектердің суға шомылуына жол бермеу үшін күнделікті рейд жүргізіліп отыр. Суға шомылғандарға учаскелік полиция инспекторлары коронавирус инфекциясы кезінде тыйым салынған жерлерде суға түсу қаупі туралы түсіндірді. Аймақтың полицейлері осындай іс-шаралар барлық қала және аудан орталықтарында өткізілуде. Онда тәртіп сақшылары денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, бүкіл әлемде таралған коронавирус инфекциясы пандемиясы кезеңінде карантин шараларын сақтаудың, өзін-өзі оқшаулаудың және әлеуметтік қашықтықтың маңыздылығы туралы тұрғындарға профилактикалық кеңес берілді.